Астанада 13 елдің студенттері цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне арналған үздік құқықтық шешімдерді әзірледі

06.04.2026, 15:18
135
Астанада 13 елдің студенттері цифрлық дәуірдің сын-қатерлеріне арналған үздік құқықтық шешімдерді әзірледі MNU

13 мемлекеттен 90-нан астам студент International Legathon MaxUP 2026 екінші халықаралық заң саласындағы кейс-чемпионатына қатысты. Ауқымды сайыс Maqsut Narikbayev University-де өтті (MNU).

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды. «Болашақ құқығы» тақырыбындағы байқау Әзербайжан, Германия, Грузия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Үндістан және Шри-Ланка жоғары оқу орындарының 23 командасын біріктірді. Жарыс барысында студенттер жаңа технологиялардың заң жүйесіне, құқық қағидаттарына, этика мен адам құқықтарына әсерін зерттеді.

«Біз MNU-да болашағымыз жаңашылдықды жасаудан, сұрақ қоюдан және көшбасшы болудан қорықпайтындарға тиесілі екеніне сенімдіміз. Екі күн бойы International Legathon MaxUP сайысында қатысушылар құқықтың болашағы бүгіннен бастап олардың идеялары, шешімдері және стандартты емес ойлауға дайындығы арқылы қалыптасатынын көрсетті. Біз құқық пен технология бірге дамитын дәуірде өмір сүрудеміз. Бұл жаңа шынайылықта тек қана құқықты білу жеткіліксіз, оны қайта түсінуге дайын болу қажет», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

«Lex Fantastica» дебат форматындағы байқаудың бірінші кезеңі «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотында ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында студенттер метағаламшарлардың меншік иелерінің жауапкершілігі мен оны нақты бір мемлекеттердің баламасы ретінде қарастыру, виртуалды активтерді реттеу және виртуалды болмыстың меншігін қорғау, сондай-ақ жасанды интеллект судьядан бас тарту мен виртуалды шындықта болу уақытын шектеудің заңдылығы туралы дәлелдер келтірді. Жарыстың ақтық кезеңі мен Гранд-финал MNU-да өтті.

Финалға қатысушылар автономды көлікті пайдалану, синтетикалық контент және экономикадағы жасанды интеллектіні реттейтін нормаларды әзірлеу бойынша өз идеяларын ұсынды. Төрешіліктің бейтараптығын сақтау үшін қатысушылар сөз сөйлеу барысында өз елі мен университетін танытқан жоқ. Командалардың ұсыныстарын әділет, ғылым және жоғары білім вице-министрлері, Жоғарғы Сот судьясы, жетекші заң фирмаларының серіктестері, халықаралық компаниялары, даму институттары, сондай-ақ дипломатия және білім беру салаларының өкілдері бағалады.

«MNU - жасанды интеллектіні заңдастырудың нормативтік құқықтық шеңбері туралы мәселені көтерген алғашқы университет. Ең қызығы, байқауға түрлі елдерден осы мәселелерді шешетін командалар көп жиналды. Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қабылданғаны белгілі. Осындай іс-шаралар есебінен біз қазіргі заңнамаға тағы бір рет қарап, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді пысықтауға немесе жетілдіруге болатын жаңа нормаларды ала аламыз», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова.

Іс-шара ұйымдастырушылары университет профессорлары республиканың нормашығармашылық процесінде пайдалану үшін реттеушілік саясат құжаттары ретінде қатысушылардан жиналған барлық ұсыныстарды рәсімдейтінін атап өтті. Сайыс қорытындысы бойынша орыс лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан), Maqsut Narikbayev University (Қазақстан) және В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің (Ресей) командалары көш бастады, ал ағылшын лигасында үздік нәтижелерді Малайя университетінің (Малайзия), Румын-американ университетінің (Румыния) және Макгилл университетінің (Канада) студенттері көрсетті. Конкурстың жеңімпазы Малайзияның тұңғыш және ең беделді жоғары оқу орны – Малайя университетінің командасы атанды.

«Мұндай байқаулар әлем жастары үшін өте маңызды. Ұсынылған заң саласындағы кейс өте қызық болды. Бастапқыда бізде оның қаншалықты шынайы екеніне сенім болған жоқ, бірақ спикерлердің сөздерін тыңдай отырып, құқықтық жүйеге жасанды интеллект технологияларын енгізу кезінде бізге шынымен де жаңа реттеу тетіктері қажет болатыны туралы ойлана бастадық. Қазір құқықтық жүйелер көп жағдайда артта қалып отыр және жас ұрпаққа болашақ үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға тура келеді», – деді Макгилл университетінің (Канада) студенті Эндрю Цзясин Чен.

Сайыстың жалпы жүлде қоры бес миллион теңгеден асты. Байқау АХҚО Соты, «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттар палатасы және «Baker McKenzie» халықаралық заң фирмасының қолдауымен өтті. Сондай-ақ конкурсқа Қазақстанның Даму банкі, «Unicase», «KP Disputes», «Turkenov Consulting» заң фирмалары және адвокат Рена Керімова қолдау білдірді.

Айта кетейік, International Legathon MaxUP алғаш рет 2025 жылы өткен болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды